Сайран көлі мен Есентай жағалауын абаттандыруға миллиард теңге жұмсалады

108

Абаттандыру жұмыстары биыл жүргізіледі.  

Сайран көлі мен Есентай жағалауын абаттандыруға миллиард теңге жұмсалады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Аталған жоспарға байланысты мемлекеттік сатып алу сайтында екі лот жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның бірі Есентай өзенінің жағасында Әл фараби даңғылынан Жамақаев көшесіне дейін ландшафттық композициялар жасау жобасы, құны – 482 248 042 теңге.

Екінші жоба – Сайран көлінің жағасында ландшафттық композициялар жасау, оған 548 071 520 теңге қарастырылған. Қос лот бойынша өтінімдерді қабылдау 22-29 сәуір аралығында жүргізіледі. 

Есентай өзенінің бойындағы жоба бойынша 7 мың шаршы метрден астам аумаққа көпжылдық өсімдіктер, сәндік мақсатта 2 мың шаршы метрге жуық біржылдық гүлдер мен қызғалдақтар егіледі. 8650 дана гортензия бұтасы отырғызылады. Жаяу жүргіншілер үшін 3 мың шаршы метрден астам аумақты қамтитын экожолдар салынады.

Ал, Сайран көлінің жағалауында көгалдандырудың жаңа кезеңі қолға алынады. Оның ішінде: 10 мың шаршы метр аумаққа гортензия бұталары отырғызылып, маусым бойы күтім жасалады. 3 мың шаршы метр астам жерге көпжылдық өсімдіктер егіліп, экожолдар төселеді. Сондай-ақ біржылдық гүлзарлар мен қызғалдақ алқабы пайда болады.

Айта кетейік, Сайран көлінің жағасын жаңғырту жобасы 2023 жылы қолға алынды. 2025 жылы ресми ашылуы өтпесе де, көл жағалауындағы негізгі жұмыстар аяқталып, пайдалануға берілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу