Алматыда салмағы 5 келі сәби дүниеге келді

468

Алматы қаласындағы №4 қалалық перзентханасында салмағы 5 келіден асатын қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматыда салмағы 5 келі сәби дүниеге келді Фото: Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Анасы қызын Дарья деп атады. Айтуынша, ол - отбасындағы төртінші бала.

Мамандар ультра-дыбыстық зерттеу кезінде сәбидің салмағы 4600-4800 болады деп болжанғанын атап өтті. Сол себепті дәрігерлер Дарьяны кесарь тілігі арқылы босандырып алуы керек еді.

"Ультрадыбыстық зерттеу кезінде іштегі нәрестенің салмағы 4600-4800 болады деп болжанған. Кенет толғақ қысып, қарашаның бірінде таңғы сағат 5:30-да табиғи жолмен дүниеге қыз бала келді", – дейді акушер-гинеколог Айнұр Иманқұлова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу