Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Нысан қаланың орталығында орналасқан. 

Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты Фото: ТЖД Алматы

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жағдайға қатысты толық ақпарат берген жоқ. Бірақ алдын ала дерек бойынша Абай даңғылында салынып жатқан тұрғын үй кешенінен жалын шыққан. Өрт шамамен 30 шаршы метр аумақты қамтыды.

"Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері  сағат 14:57-де Бостандық ауданы, Абай даңғылы, Қашқарская көшесінің қиылысына жіберілді. Келгеннен кейін 4 минутта салынып жатқан 9 қабатты үйдің 2-ші қабатында өрт шыққаны анықталды. Өрт 15:07-де оқшауланып, 15:13-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады ТЖД.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу