Алматыда сауда саласының табысы 84%-ға төмендеді

628

Алайда инвестициялық көрсеткіш жақсы. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты.

Алматыда сауда саласының табысы 84%-ға төмендеді

"Әлі жыл қорытындысы толықтай дайын болған жоқ. Алайда ол 11 айдың қорытындысынан 1-2%-ға ғана жоғары болады деп күтілуде. Сондықтан алдын ала болжамдармен бөліссек. Мәселен, өткен жылдың 11 айында сауда саласының табысы 84%-ға төмендеді. Жыл қорытындысы бойынша ол 90%-дан аспайтыны анық. Ал болжамымыз бойынша инвестиция көлемі 900 млрд теңгеге шамасында болмақ. Демек, былтырғы жылмен салыстырар болсақ, бұл көрсеткіш 110%-ға артады. Сонымен қатар өндіріс саласы 105,7%-ға өскен. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 106-107%-ға жетуі мүмкін", – деді басқарма басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу