Алматыда сауда-саттық үлесі төмендей бастады

764

Соңғы бес жылда мегаполиске салынған инвестиция 67%-ға өсті.

Алматыда сауда-саттық үлесі төмендей бастады

Almaty Investment Forum 2021 барысында мегаполис әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев алдағы жылдары қала экономикасында сауданың үлесін қысқартып, кәсіби қызметтерді дамытуға басымдық беру жоспарланғанын жеткізді, деп жазды inbusiness.kz.

"Соңғы бес жылда мегаполиске салынған инвестиция 67%-ға өсті. 2021 жылдың 10 айында Алматыға 873,8 млрд теңге қаржы салынды. 2016 жылдан бері өнеркәсіп көлемі 39%-ға артты. 2021 жылдың қаңтар-қазан айларында бұл салаға салынған инвестиция көлемі 1,1 трлн теңгені құрады. Біз сондай-ақ қала экономикасындағы сауда үлесінің біртіндеп төмендегенін байқап отырмыз, соңғы 5 жылда ол 2%-ға қысқарды", – деді Мұхит Әзірбаев.

Сонымен қатар спикер бөлшек сауда мен электронды коммерцияның жылдам қарқынмен дамитынын атап өтті.

"Биыл бұл нарықтың көлемі 314 млрд теңгеден астам сомаға жетті", – деді спикер. Алматы қаласы әкімінің орынбасары креативті экономиканы дамыту мәселесіне де тоқталды. "Бүгінде мегаполистің шығармашылық секторында 17,8 мыңнан астам компания немесе қаладағы барлық кәсіпорындардың 9%-ға жуығы жұмыс істейді. Бұл салада 45 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Өткен жылы қала бюджетіне шығармашылық саладағы кәсіпорындардан 37,7 млрд теңге салық түсіп, олар 402,8 млрд теңгеге қызмет көрсетті", – деді Мұхит Әзірбаев.

Ол әкімдік мегаполис экономикасын сауда-саттық бағытына қарағанда кәсіби салаларды дамытуға басымдық беру жоспарлап отырғанын атап өтті. Ал бірінші кезекте қаланы цифрландыру жұмыстары жүргізілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу