Алматыда өзендердің бетіне мұз қатып, арналармен сең жүруі қаупі бар, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.
"Мегаполисте ауа-райының өзгеруіне байланысты өзендерде сең жүруі мүмкін. Бұл құбылыс ұзақ аяз және ауа райының бірден жылуына байланысты болады", – деп хабарлады ТЖД.
Осыған орай "Қазселденқорғау" ММ және Алматы қалалық ТЖД мамандары ескерту жасады.
"Қабыршақ мұздың жүру қаупі сақталады. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары, Қарғалы, Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің су арналарының жанына жақындамауы керек. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, өзен арнасының маңына автокөліктерді қоймаңыз", – деп ескертті ТЖД.