Алматыда Шагабутдинов көшесінің екі учаскесі бойынша жол жабылады

21 шілде мен 4 тамыз аралығында Алматы қаласының Алмалы ауданында Шагабутдинов көшесі бойымен Мақатаев көшесінен Гоголь көшесіне дейін автокөлік қозғалысы тоқтатылды. 

Алматыда Шагабутдинов көшесінің екі учаскесі бойынша жол жабылады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Аталған көшелердегі қозғалыс екі жаққа да жабылады.

21 шілде мен 11 тамыз аралығында Шагабутдинов көшесі бойымен Әйтеке би көшесінен Гоголь көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылды. Аталған көше бойымен қозғалыс шығыс бағытымен бір бағытта шектелді.

"Аталған көшеде жүріс бөлігінің астынан өтетін құбырды жоспарлы жөндеу жүргізу үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", – деп хабарлады "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу