Алматыда шахматтан 2022 жылғы әлем чемпионаты өтеді

625

Алматыда шахматтың жылдам және блиц түрлерінен 2022 жылғы Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Халықаралық шахмат федерациясының сайтына сілтеме жасап.  

Алматыда шахматтан 2022 жылғы әлем чемпионаты өтеді Фото: inform.kz

"FIDE рапид және блицтен 2022 жылғы әлем чемпионаттарының өтетін күні мен орнын растауға қуанышты. Беделді шара Іле Алатауы бөктерінде орналасқан Қазақстанның ірі мегаполисі - Алматыда өтеді", - делінген FIDE мәліметінде.

Чемпионат 25 желтоқсаннан (спортшылардың келуі және турнирдің ашылу салтанаты) 30 желтоқсанға дейін (соңғы ойын күні және жабылу салтанаты) өтеді.

"Көптеген елдер (100-ден астам) Қазақстанға визасыз режимді, сондай-ақ Визалық-миграция порталы арқылы берілетін бірреттік электронды визаны алудың жеңілдетілген тәртібін пайдалана алады", - делінген федерация ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу