Алматыда шақыртуға барған полицейге шабуыл жасаған ер адам ұсталды

330

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматыда шақыртуға барған полицейге шабуыл жасаған ер адам ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Алматы қаласының Әуезов ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде полиция қызметкеріне шабуыл жасалды. Оқиға орнына шақырту бойынша келген тәртіп сақшыларына бағынбаған ер адам олардың біріне басынан соққы берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, "Өтеген" тұрғын үй кешенінде жалдамалы пәтерде тұратын адамдар қатты жанжалдасып, тұрғындардың мазасын алған. Осыған байланысты ОСИ төрағасы полиция шақырған.

Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері жанжалды тоқтатып, ер адамды сабырға шақыруға тырысқан. Алайда ол полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсеткен. Тіпті тәртіп сақшыларының бірінің басынан ұрып, формалық бас киімін түсіріп жіберген.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Оған қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция департаменті қызметтік міндетін атқарып жүрген тәртіп сақшыларына күш қолдануға жол берілмейтінін ескертті. Мұндай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу