"23 қаңтарда Қазселденқорғау мамандары Кіші Алматы өзені алабын зерттеу барысында №21 "Сарқырамада" шаңғышылардың сырғанығанын анықтады. Олар қар көшкінін тудырған. Жалпы массасы 500 текше метр қар тау беткейінде тоқтаған. Қаза болғандар, зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осыған байланысты "Қазселденқорғау" мен Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары шаңғы және сноубордпен сырғанауды ұнататындарға тек қана шаңғы курорттары мен базалардағы арнайы бөлінген жерлерде сырғанауға кеңес береді.
Жыл басынан бері таулардың жабық учаскелерінде және адам өтпейтін жерлерде 25 мәрте өздігінен қар көшкіні болды. Оның жалпы көлемі - 35 мың текше метр.