Алматыда шетелдік туристер саны күрт өскен

417

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында шаһарға 261,6 мың адам келген.

Алматыда шетелдік туристер саны күрт өскен Фото: inbusiness.kz

Алматыда шетелдік туристер ағыны бірден 73 пайызға өскен. Бұл туралы қалалық туризм басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алматының туризм басқармасының мәліметінше, 2023 жылы бірінші жарты жылдықта қалаға келуші шетелдік туристер саны 72,6 пайыз (261,6 мың адам) болған", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ішкі туристер ағыны да едәуір өсіп, 24,6 пайызға (710,6 мың адам) жеткен. 

"БАӘ, Катар, Кувейт, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және Германиядан келген шетелдік туристер ағынының өскені байқалады", делінген әкімдік хабарламасында.

Жыл соңына дейін Алматыға келетін шетелдік туристер саны 500 мыңға жетеді деп күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу