Алматыда мешіттен шығып із-түссіз жоғалған ер адам өлі табылды

73

Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында мәлім етті.

Алматыда мешіттен шығып із-түссіз жоғалған ер адам өлі табылды Фото: Іnstagram.com/volontery_almaty_lider.kz

Талғар ауданында жоғалып кеткен 46 жастағы ер адам Алматыдан өлі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамбетoв Асқар Абдужалилұлы, 1978 жылы туған, 14 шілдеде Тұздыбастау ауылында із-түссіз жоғалып кетті.

Ол сол күні шамамен сағат 11:30-да ол Бердіғұлов көшесі, 18 а мекенжайында орналасқан орталық мешіттен шыққан.

Куәгерлердің айтуынша, содан кейін ер адамды аялдамада көрген. Ол Алматыға баратын №54 автобусқа мінген. Содан бері оның қайда екенін ешкім білмеді.

Сондай-ақ, ер адамның бағыт-бағдарын білмей, адасып қалатыны және психикалық ауытқуы бары белгілі болды.

"Жоғалған адамның денесі 14 тамызда табылды. Ал 17 тамыз күні оны әйелі мәйіттің күйеуіне тиесілі екенін растады. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың іздері жоқ", – деп хабарлады еріктілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу