Алматыда соңғы бір жылда шетелдік студенттердің саны 45%-ға өсті

349

Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты.  

Алматыда соңғы бір жылда шетелдік студенттердің саны 45%-ға өсті Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматының 35 жоғары оқу орнында 236,1 мың студент оқиды. Студенттердің елеулі бөлігі еліміздің басқа өңірлерінен келгендер және шетелдік азаматтар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көпұлтты студенттік орта алматылық жоғары оқу орындарына деген тұрақты қызығушылықты арттырып, қаланың білім беру экожүйесінің халықаралық сипатын күшейтіп отыр.

2023 жылы Қазақстанда 82 елден келген 26 мың шетелдік студент білім алған. Бұл елдегі студенттердің жалпы санының 4,4%-ы (606 мың адам).

Шетелдік студенттердің елеулі бөлігі еліміздің ең ірі студенттік орталығы саналатын Алматыға тиесілі:

  1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқиды – 4,5 мың адам.
  2. Екінші орында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті. Мұнда 1,9 мың шетелдік студент білім алып жүр, оның ішінде 1,2 мың адам (63,2%) үнді этносының өкілдері.
  3. Үздік үштік қатарында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті бар. Аталған оқу орнында Түркіменстаннан келген 1,9 мың шетелдік студент білім алып жүр.
  4. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 1,8 мың шетелдік студент оқиды.

"Соңғы бір жылдың ішінде шетелдік студенттер саны 45%-дан астамға өсті (17,1 мыңнан 22,6 мыңға дейін, яғни 5,5 мыңға артты). Біздің жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингтердегі орнын нығайтып, халықаралық бағдарламаларды дамытып, жоғары сапалы заманауи білім беру ортасын қалыптастырып жатқаны біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен келетін студенттердің қызығушылығын оятады", – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу