Алматыда сот шешімі бойынша заңсыз салынған көлік жуу нысаны сүрілді

Қала құрылысын бақылау басқармасының дерегінше, Шұғыла шағын ауданындағы Жақсыбаев көшесі, 5 мекенжайындағы ғимарат рұқсат құжаттарынсыз салынған. 

Алматыда сот шешімі бойынша заңсыз салынған көлік жуу нысаны сүрілді Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Басқарма меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіп, көлік жуу қызметін көрсеткен нысан техникалық және авторлық қадағалаусыз, белгіленген тәртіппен сараптамадан өтпеген жобалау-сметалық құжаттамасыз, шаруашылық тәсілмен салынғанын анықтады.

Бұған қоса, нысан пайдалануға беру актісінсіз жұмыс істеген. 

2022 жылғы шілдеде меншік иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316-бабының 1, 321, 323-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылданды және анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

2022 жылғы қыркүйекте басқарма Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотына заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз жолдады.

2023 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының шешімімен талап арыз қанағаттандырылды, алайда меншік иесі апелляциялық шағым түсірді. 

Сәуір айында қалалық соттың қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Жақында сот шешімін орындау үшін заңсыз нысан мәжбүрлі түрде бұзылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу