Алматыда стихиялы қоқыс үйінділерін спутниктің көмегімен табуға болады

789

Қазіргі заманғы технологиялар қоқыс пен олардың жинақталған орындарын табуға көмектеседі. 

Алматыда стихиялы қоқыс үйінділерін спутниктің көмегімен табуға болады

Алматыда ғарыштық мониторинг көмегімен стихиялы қоқыс үйінділерін жою жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның нәтижелерін арнайы геосервис бақылайды. Бұл қоқыс үйіндісінің түрін, күнін және орнын анықтауға мүмкіндік береді.

Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша жыл басынан бері геопортал Түрксіб және Медеу аудандарында 10 стихиялық қоқыс орнын анықтаған. Жергілікті әкімдіктер аумақты тазалау жұмыстарын бастады. Қоқыс үйінділері бос жерлерде, қоршалмаған жеке жерлерде пайда болады. Сондай-ақ бұл қалаға қосылған елді мекендерде, Алматы облысымен шекаралас учаскелерде жиі кездеседі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу