Алматыда стоматологиялық клиника шенеуніктің туысына сатылған

1631

Депутат Дания Еспаева клиникаларды төмен бағамен сатуға қарсылық білдірді.

Алматыда стоматологиялық клиника шенеуніктің туысына сатылған

Оның айтуынша, 2017-2020 жылдары барлығы 124 клиниканы жекешелендіру жоспарланған, ал бұдан мемлекет немесе қоғам қандай пайда тапқаны – "бізге құпия".

"Алматы қаласындағы балалар стоматологиялық клиникасы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының ағасына сатылды. Клиниканың есеп шотында 170 млн теңге бола тұра және жыл сайынғы бюджеттік қаржыландыру 260 млн теңге болса да, алғашқы жарна 92 млн теңгені құрады. Алматы облысындағы Талғар аудандық ауруханасына, Павлодар облыстық диагностикалық орталығына қатысты да ұқсас жағдайлар болды. Мұның бәрін жекешелендіру деп атауға болмайды. Бұл таза "жаулау", – дейді депутат.

Ол 2021-2025 жылдары 700 жекешелендірілетінін, оның ішінде денсаулық сақтау мекемелері де бар екенін айтады.

"Осыған байланысты үкімет басшысының орнбасары Ералы Тоғжанов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасынан мына нәрселерді сұраймын: 
– мемлекет жекешелендірілген барлық медициналық мекемелер үшін инвесторлардың өздері нақты ақшамен қанша қаражат тапқанын және жекешелендірілгеннен немесе сенімгерлік басқаруға берілгеннен кейін бұл мекемелер мемлекеттен қанша қаражат алғанын хабарлау;
– мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа медициналық нысандар бойынша құрылысқа, қызмет көрсетуге, басқаруға, операциялық шығындарға және пайыздарды төлеуге қанша мемлекеттік қаражат жоспарланғанын хабарлау;
– қоғамға қазіргі клиникаларды төмен бағада беруді және жаңа нысандарды триллиондап қаржыландыруды, осы схемалардың түпкі бенефициары кім екенін түсіндіру", – дейді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу