Алматыда басқа қалалардан келіп оқитын күндізгі бөлім студенттері үшін тіркеу ережелерін жеңілдету жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңа бастамаға сәйкес, студенттерге тұрғын үй алаңының қолданыстағы нормативін есепке алмай, тұрғылықты және уақытша тұратын жері бойынша тіркелуге рұқсат берілуі мүмкін.
Қазіргі уақытта қалада бір адамға кемінде 15 шаршы метр тұрғын үй алаңы қарастырылуы тиіс деген талап бар. Жаңа ережелер студенттерге осы нормативтен ерекшелік жасауды көздейді.
Тиісті шешім жобасын қалалық әкімдік әзірледі. Қазіргі уақытта құжат жария талқылау кезеңінде. Одан кейін бекіту үшін мәслихат депутаттарының қарауына ұсынылады.