Алматыда су нысандарын қайта түгендеу жұмыстары басталды

196

Бұл жұмыс 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқталады.

Алматыда су нысандарын қайта түгендеу жұмыстары басталды Фото: gov.kz

Қалада 2021 жылдан бастап салынған су қорғау белдеулері мен гидротехникалық құрылыстарды қайта түгендеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Алматыда шаһар басшысы Ерболат Досаевтың қатысуымен өткен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық кеңесінің отырысында белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша, ол шаралар су қорғау белдеулері мен аймақтарының шекараларын анықтау үшін қажет. Бұл жұмыс 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқталады.

Айта кетейік, Алматының су нысандары соңғы рет 2018 жылы түгенделді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу