Алматыда субсидияға бөлінген 3,5 миллиард теңге заңсыз берілген

917

Алматыда субсидияға бөлінген 3,5 миллиард теңге заңсыз берілген

Алматы облысының ауыл шаруашылығы саласында кейінгі екі жылда 3 жарым миллиард теңге көлеміндегі субсидия заңсыз берілген. Егер бұл дерек дер кезінде анықталмағанда, тағы 2 жарым миллиард теңге осындай жолмен оңай олжаға айналып кетер еді, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл жағдай прокурорлық тексеру кезінде анықталды.

"Заңсыздықтың барлығы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өз өнімдерінің көлемін асырып көрсетуінен болған", – дейді қадағалаушы орган қызметкерлері.

Тексеру нәтижесінде мемлекеттік қолдауды 200-ге жуық ауыл шаруашылығы мекемесінің заңсыз пайдалануына тосқауыл қойылды.

Айта кетейік, жыл сайын аймақтың аграрлық саласына 20 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді.

 – Тексеру барысында 10 материал тіркеуге алынды. Заңсыз төленген субсидияларды қайтару жұмыстары жүргізілуде. Ал заңсыздыққа жол берген адамдар қабылданған шешімге сәйкес жауап беретін болады, - дейді облыстық прокуратураның бірінші басқарма прокуроры Жанат Мерембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу