Алматыда тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

1033

Ол инвестиция саласындағы маркетинг компаниясы ретінде жұмыс істеген.

Алматыда тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Алматыда EDEN LIFE қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҚМА Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті EDEN LIFE қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

"Ұйымдастырушылар басқа салымшылардың қаражатын тарту арқылы пайда болған тиімді сыйақыны алуға кепілдік бере отырып, азаматтарға инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынған. Алдын ала келісім (сөз байласу) бойынша бір топ адамның үстінен қаржылық (инвестициялық) пирамида схемасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деп жазылған Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан хабарламада.

Осыған байланысты агенттік қазақстандықтарды сақ болуға және ақшаны күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

ҚМА EDEN LIFE қаржы пирамидасынан зардап шеккен тұрғындарды Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментіне (Жібек жолы даңғылы, 127) хабарласуды сұрайды: 8-747-592-43-24, 8-701-858-67-67, 8-747-582-00-82

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу