Алматыда тағы бір тұрғын үй "қара тізімге" енді

Нысан заңсыз салынған.  

Алматыда тағы бір тұрғын үй "қара тізімге" енді Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала құрылысын бақылау басқармасы интернет-ресурстардың мониторингі барысында Достық даңғылы 170/1 мекенжайындағы тұрғын үйде пәтерлерді сату туралы хабарландыру анықтады. Қала тұрғындарына осы мекен-жай бойынша тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлік сатып алудан бас тартқан жөн.

Меншік иесі бұл учаскеде сәулет-жоспарлау тапсырмасы болған КТЖ нысаналы мақсатымен құрылысты 2005 жылы бастаған, содан кейін нысан бірнеше жылға тоқтатылған.

Кейін жер учаскесі басқа меншік иесіне берілді, ол сол учаскеде заңсыз стационарлық емес сауда объектілерін тұрғызды. Басқарма меншік иесіне қатысты заңсыз сауда павильондарын бұзуға талап арыз берді. 2023 жылдың 2 мамырында сауда нысандарын бұзу туралы шешім қабылданды. Сот шешімінің заңды күшіне енуі күтілуде.

Медеу аудандық сотына жылжымайтын мүлікке, ҚМЖ жүргізуге және рұқсат құжаттамасын беруге тыйым салу бөлігінде талап қоюды қамтамасыз етумен ғимараттың өзін бұзуға тағы бір талап арыз берілді. Сот процестері әлі де жүргізілуде, сот-құрылыс сараптамасы тағайындалды.

Жылжымайтын мүлікті сатып алудан бұрын салынып жатқан ТК-ны қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 жедел желісінің нөмірі бойынша құжаттардың толық пакетінің бар-жоғын тексеруді ұсынамыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу