Алматыда тағы да құбыр жарылды (видео)

1402

80-ге жуық нысан уақытша ыстық судан ажыратылды.

Алматыда тағы да құбыр жарылды (видео)

Бүгін Алматыда тағы да су құбыры жарылып, асфальт жабындысын жарып шыққан. Оқиға Жетісу ауданы, Казаков көшесіндегі 93 үйдің маңында шамамен сағат 10:00 шамасын орын алған.  "Алматы жылу жүйелері" бұл келеңсіздіктер ыстық су құбыры ескіргендіктен болып жатқанын айтты.

"Жарылған құбырдың диаметрі – 500 миллиметр. Апат оның ескіргендігінен болды. Бұл аймақтағы ыстық су желілері 1977 жылы салынған. Яғни, пайлану мерзімі өтіп кеткен. Жапа шеккендер жоқ. 80-ге жуық нысан уақытша ыстық судан ажыратылды. Жарылған судың температурасы 65 градус – адам өміріне қауіп төндірмейді. Қазіргі кезде оқиға орнында арнайы техника мен апаттық қызмет мамандары жұмыс істеуде. Шамамен сағат 16:00-ге дейін барлығы ретке келтіріледі",– деді "Алматы жылу жүйелері" баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі бұл уақытта көлік тұрағында 20-ға жуық жеңіл көлік тұрған. Олардың терезелері сынып, сырты майысқан. Солардың бірінің иесі Самал Берікқызы "Алматы жылу жүйелеріне" шағым түсіргенін жеткізді.

"Жарты сағаттың ішінде көлігімнің ішіне су толып, алдыңғы, төбесіндегі терезелері сынып, жүруге жарамсыз болып қалды. Қазір бізге "Алматы жылу жүйелері" мамандары сақтандыру қызметінен адамдар келеді деді. Біз МАИ шақырдық. "Алматы жылу жүйелеріне" шағым түсіргеннен басқа амал жоқ",– деді Самал Берікқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу