Алматыда тағы төрт медициналық нысан бой көтермек

513

Тағы бірқатар денсаулық сақтау ұйымында сейсмотұрақтылықты күшейту жұмыстары жүргізілуде.

Алматыда тағы төрт медициналық нысан бой көтермек

Денсаулық сақтау нысандарының құрылысы – қаланы дамытудың негізгі бағыттарының бірі. Бұл туралы Алматы қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Оңалбаев Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты, деп жазды inbusiness.kz.

"Қаламызда жергілікті атқарушы органдар денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөледі, халыққа медициналық көмек көрсету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, емханалар мен ауруханалар заманауи медициналық және технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Бүгінде денсаулық сақтау саласында төрт нысанның құрылысы жүріп жатыр және сейсмотұрақтылықты күшейту жұмыстары жүргізілуде", - деді Ұлан Оңалбаев.

Бұл балалар жедел медициналық жәрдем орталығының қабылдау бөлімшесінің жаңа корпусының, Кемел және Мамыр шағын аудандарында 200 орынды отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, биыл Нұршашқан, Қарасу, Саялы шағын аудандары мен Айбасов көшесінде орналасқан отбасылық-дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталады.

Тамыз айында Айнабұлақ шағын ауданындағы №11 қалалық аурухана ғимаратының сейсмотұрақтылығын күшейту жұмыстары аяқталды. Биыл 80 мың төсек-орынды №7 Қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлмесі пайдалануға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу