Алматыда такси жүргізушісі тонаушыны анықтауға көмектесті

928

Күдікті қару-жарақ дүкенінен мылтық ұрлап, оны бесінші ықшам аудандағы аулалардың бірінің қоқыс жәшігіне жасырған.

Алматыда такси жүргізушісі тонаушыны анықтауға көмектесті

Алматыда такси жүргізушісі мородерларды анықтауға көмектесті, деп хабарлайды, деп жазды Inbusiness.kz. 

Әуезов ауданының полиция қызметкерлері И. есімді ер адам жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге белсенді қатысқанын анықтаған. 

Сонымен қатар ол ірі қару дүкенін тонап, 10 патроны бар “BrowntnG” тегіс ұңғылы мылтығын ұрлап кеткен. 

"Күдікті мылтықты бесінші ықшам ауданындағы аулалардың бірінің қоқыс жәшігіне жасырған. Бірнеше күннен кейін күдікті таксиге отырып, мылтық жасырынған жерге келген. Көлік жүргізушісі жолаушының теледидар жәшігіне қару жасырып жүргенін байқап, полицияға хабарлаған", - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу