Алматы қаласы Әл-Фараби даңғылы Нұр-Мүбарак мешіті маңындағы апаттан бірнеше көлік зақымданған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Болжам бойынша, BYD такси көлігінің жүргізушісінің жүрегі рөлде келе жатқанда тоқтаған.
Zakon.kz сайты басқарусыз қалған көліктің жанында келе жатқан Ford Focus, Chevrolet Monza, Subaru Impreza, Volkswagen Golf автокөліктері мен №127 бағыттағы қалалық автобусқа соғылғанын жазады.
Алматы қалалық полиция департаменті жол-көлік апатының себебі жүргізуші денсаулығының күрт нашарлағанынан болғанын растады.
Оқиға салдарынан даңғылда үлкен кептеліс туындады. Ол Ходжанов көшесіне дейін созылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу