Құтқарушылар жердің сілкінетінін сілкініп болған соң хабарлаған

1023

Құтқарушылар жердің сілкінетінін сілкініп болған соң хабарлаған

Алматыда таңертең болған жер сілкінісі жайлы смс-хабарлама арада бес сағат өткен соң барып келген, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті бар кінәні ұялы байланыс операторларына жабуда.
"Өзім де смс-хабарламаны бір сағат бұрын алдым. Рас, ондай проблема бізде бар. Төтенше оқиға жайлы смс-тер кеш келіп жатады. Бірақ, ол біздің кінә емес. Мобильді байланыс операторларының технологиясы солай. Абонементтерге хабарламаны бөліп-бөліп жеткізеді", - дейді Алматы қаласы ТЖД бастығы Серік Әубәкіров.

Кеше алматылықтар жер дүмпуін сезінген. Қуаты шамамен 4,8 балл болатын жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанның Ыстықкөл маңынан таралған. 
Алматының бас құтқарушысы Серік Ғабдулұлы  биік ғимараттарды жер сілкінісіне төтеп беретіндей күшейтуде департамент дәрменсіз дейді. Өйткені, зәулім ғимараттардың құрылысын жоспарлауға да, оны қабылдауға да олардың қауіпсіздігіне де құтқарушылар жауап бермейді екен. 
"Құрылыс нысандарындағы жер сілкінісі қауіпсіздігімен айналысатын бізде маман жоқ. Ол міндет мемлекеттік сараптамаға жүктелген. Сейсмология қауіпсіздігімен солар айналысады. Құрылысы біткен үйлерді қабылдайтын комиссия құрамында да біз жоқпыз. Сондықтан, тұрғынүйлердегі сейсмоқауіпсіздік жайлы ешнәрсе айта алмаймыз", - дейді Серік Әубәкіров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу