Оқиға куәгерлері әлеуметтік желілерде жол апатындағы бейнелерді жариялап, қозғалыстың шектелгеніне шағымданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қалалық полиция департаменті апат 07:00 шамасында Бостандық ауданында болғанын хабар етті. Алдын ала деректерге сенсек, Toyota автокөлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Т.Жароков көшесінен шығысқа қарай қарсы жолаққа шығып, шығысқа қарай бағыт алған Lexus автомобилімен соғысқан.
Жол апатына түсіп, тоқтап тұрған Lexus көлігіне әл-Фарабимен шығысқа қарай жүріп келе жатқан Hyundai соқтығысқан. Салдарынан Toyota көлігі өртенген.
Жол апатынан Toyota жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ Lexus жүргізушісі жарақат алып отыр. Бостандық ауданының полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Алматы төтенше жағдайлар департаменті 25 қарашада сағат 07:00-де оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жібергенін мәлім етті. Toyota Sienna көлігіндегі өрт 07:11-де сөндірілген.
Бұған дейін Алматы облысында алты адамның жол апатынан қаза тапқанын жазған едік.