Алматы қаласының құрылысты бақылау басқармасы “СК 7 Строй” ЖШС құрылыс компаниясын лицензиясынан айырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомствоның мәліметінше, мердігер қаладағы бірнеше нысанда жұмыс жүргізген. Олардың қатарында № 112 мектепке жапсарлас ғимараттың құрылысы мен Әуезов ауданындағы абаттандыру жұмыстары бар.
"Жоспардан тыс тексеру кезінде жобалық шешімдерден ауытқулар мен құрылыс нормаларының сақталмауы анықталды", – деді басқармада.
Тексеру қорытындысы бойынша компания құрылыс қызметін жүзеге асыру лицензиясынан айырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу