Алматыда тапанша мен оқ-дәрі ұстаған әйел қолға түсті

562

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Алматыда тапанша мен оқ-дәрі ұстаған әйел қолға түсті Фото: Алматы ПД

Алматы көшелерінде 9 мм калибрлі тапанша мен бес оқ ұстап жүрген әйел ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицейлер қарудың қайдан келгенін және әйелдің қолына қалай түскенін анықтап жатыр. 14 қазан кешкі сағат бес шамасында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Жетісу ауданы Райымбек даңғылының бойында әйелді ұстаған.

Ұсталған әйелдің айтуынша, ол қаруды осыдан бір-екі сағат бұрын Есентай өзеніне түсетін жердегі бетон қоршаудың үстінен тауып алған.

Алайда бұл мәлімет әлі тексерілуі керек. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әйелдің әрекетіне заң аясында баға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу