Алматыда тәртіп сақшылары қоғамдық көліктерге тексеріс жүргізуде

635

Іс-шараның бірінші күнінде 46 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.  

Алматыда тәртіп сақшылары қоғамдық көліктерге тексеріс жүргізуде

Алматыда "Автобус" жедел-алдын-алу іс-шарасы басталды. 4-13 қазан аралығында 184 патрульдік экипаж және 911 полиция қызметкері жолаушылар көлігін тексереді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұл шара жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуын анықтау мен жолын кесуге, сондай-ақ автобустардың техникалық жағдайын тексеруге бағытталған. Жүргізушілердің жол тәртібін жақсарту, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігінің қолданыста жүру фактілерін анықтау және заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу", – дейді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Іс-шараның бірінші күнінде 46 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 29 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзу бойынша (ҚР ӘҚбК-нің 595 бабы), 12-сі көлік жүргізу кезінде телефонды пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚбК-нің 591 бабы) ескерту алды. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1 қоғамдық көлік қойылды. 

"Науқанның негізгі мақсаты – жолдардағы апатты жағдайлардың алдын алу.  Талдау көрсеткендей жолаушылар көлігіндегі жазатайым оқиғалардың, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамау: жылдамдықты асыруы, қарсы жолаққа шығу және қашықтықты сақтамау", – деді Манап Саттаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу