Алматыда "Тастақ" базары маңында құрылыс дүкені өртенді

Жалын 290 шаршы метрді шарпыды.

Алматыда "Тастақ" базары маңында құрылыс дүкені өртенді Фото: Алматы ТЖД

Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады. 

"Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 118 үй мекен жайы бойынша Алматы ТЖД өрт сөндіру есептері жеке үйдің ауласында орналасқан құрылыс дүкеніндегі өртті сөндірді. Өрт үйдің шатырына ауысқан. Жалын 290 шаршы метрді шарпыды. Өрт сағат 03:04-те оқшауланып, 03:51-де толығымен жойылды", – деп хабарлады ТЖД. 

Жалынды сөндіру кезінде өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы қолын жарақаттап алды. Қазіргі уақытта өрт сөндірушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу