Алматыда тауда адасқан адам түні бойы іздестірілді

859

Алматыда Көк Жайлау шатқалында 35 жастағы ер адам жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Кейіннен ол телефонмен байланысқа шыққан, алайда қай жерден тұрғанын айтып бере алмаған, деп жазады inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме беріп.

Алматыда тауда адасқан адам түні бойы іздестірілді

"Іздеуге жеті құтқарушы шықты. Ер адам телефон арқылы байланысқа шықты, бірақ геолокацияны жібере алмады. РЖҚЖ құтқарушылары Батарейка өзені ауданындағы осы координаттар аумағын, Просвещенец шатқалы жағындағы жерлерді түгел шолып шықты. Іздеу келесі күні таңертеңге дейін түні бойы жалғасты. Көк Жайлау шатқалы, Проходное бөгеті, Үш ағайынды тауы, Просвещенец шипажайының төменгі бөлігі де қаралды. Құтқарушылары жоғалған ер адамды сағат 10 шамасында тауып, қажетті көмек, соның ішінде психологиялық көмек көрсетті", – деп жазылған министрлік ақпаратында.

Адасқан адам "Просвещенец" санаторийіне жеткізілген. Құтқарушылар туристерге сақ болуды ескертеді.

"Өз күніңізді дұрыс бағалап, табиғатқа шықпас бұрын ауа-райы жағдайымен танысыңыз. Тауға шығып-түсерде асықпай, қажетті затты толық алыңыз. Атап айтқанда, пауэрбанк, су өткізбейтін пакетке сіріңке салып алу міндетті. Сондай-ақ туыстарыңызға баратын жер туралы хабарлауды ұмытпаңыз. Тауға барар алдында жедел қызмет телефондарын (372-15-60-жедел кезекші бөлімінің телефоны) ескертіңіз", – деп жазылған ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу