Алматыда тауда адасып кеткен 2006 жылғы қыз құтқарылды

305

Қыз 1 900 метр биіктікте адасып кеткен.

Алматыда тауда адасып кеткен 2006 жылғы қыз құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Алматы қаласының Медеу ауданындағы Горельник шатқалында құтқарушылар тауда адасып кеткен қызды тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2006 жылы туған қыз теңіз деңгейінен шамамен 1 900 метр биіктікке көтерілген. Алайда кері қайтар жолды таба алмай, туыстарымен байланысы үзілген.

Қыздың жақындары оның жоғалғаны туралы хабарлап, соңғы орналасқан жерінің координаттарын құтқарушыларға берген.

Іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде мамандар қызды тауып, "Горельник" визит-орталығына дейін алып барды. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмаған және үйіне өз бетінше қайтқан.

Құтқарушылар тауға шығарда өз мүмкіндігіңізді бағалап, қауіпсіз бағытты таңдауға кеңес береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу