Алматыда құтқарушылар Үлкен Алматы көлі маңында тауда жарақат алған туристке көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Бостандық ауданында, шамамен 2500 метр биіктікте болған. 2006 жылы туған жас жігіт тауда жүрген кезде құлап, басын жарақаттаған. Ол құтқарушылармен байланыста болып, орналасқан жері анықталды.
Құтқарушылар туристің таудан төмен түсуіне көмектесті. Кейін ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері зардап шегушіні медициналық көмек көрсету үшін Алматыдағы ауруханаға жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу