Әйел адам бағытынан адасып, жолын жалғастыра алмайтынын түсіндіреді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Араға 7 минут салып "Тұйықсу" бақылау-құтқару бекетінен 1 техника мен 5 құтқарушыдан құралған топ жетекшісінің басқаруымен оқиға орнына аттанады. Бір сағаттан кейін құтқарушылар зардап шеккен туристі тапты.
"Әйел адам тобық тұсының ауырып тұрғанына шағымданды. Құтқарушылар оқиға орнында алғашқы көмек көрсетіп, жарақаттанған аяғын созылмалы таңғышпен таңып, тау-шаңғы жабдығын пайдаланып, қауіпсіздендіру жұмыстарын жүргізіп, туристі төмен түсіруге кірісті", – делінген хабарламада.
Сағат 23:05-те шетелдік азаматты құтқару операциясы аяқталған. Турист медициналық пунктке жеткізіліп, төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылған. Олар зардап шеккен адамға ары қарай медициналық көмек көрсетті.