Алматыда Тәжікстан өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

272

Жәрмеңкеге 40 өндіруші қатысып, 500 тоннадан астам өнім ұсынады.  

Алматыда Тәжікстан өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді Фото: gov.kz

27-28 маусым күндері Almaty Arena көпфункционалды кешенінің алдында Тәжікстанның Хатлон облысынан келген фермерлердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қала тұрғындары мен қонақтары жаңа піскен көкөніс пен жеміс-жидекті, кептірілген жемістерді, шығыс тәттілерін және қолөнер бұйымдарын өндірушілердің өзінен тікелей сатып ала алады.

Келушілер сан алуан өнім мен шығысқа тән қонақжай атмосфераға куә болады.

Жәрмеңке Нұркент шағынауданында сағат 10:00–18:00 аралығында өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу