Жәрмеңке Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда байланыстарын дамытуға, фермерлерді қолдауға және тұрғындарды жаңа өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
40 фермер 200 тоннадан астам мынадай жаңа өнім әкеледі:
- маусымдық жемістер мен көкөністер;
- табиғи кептірілген жемістер;
- шығыс тәттілері.
Барлығын өндірушілерден тікелей қолжетімді бағамен сатып алуға болады.
"Жәрмеңкенің өтетін орны: "Алатау" театрының алдындағы тұрақ (Момышұлы – Универсиадная көшелерінің қиылысы)", – деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу