Алматыда "The Finiko" қаржы пирамидасынан 300-ден аса адам жапа шеккен

544

Оларға келтірілген шығын көлемі 1,8 млн АҚШ долларынан асады. 

Алматыда "The Finiko" қаржы пирамидасынан 300-ден аса адам жапа шеккен

ҚМА Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті прокуратурамен бірлесіп "The Finiko" қаржы пирамидасы филиалының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде, деп жазды inbusiness.kz

"Finiko" ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу барысында 300-ден астам адам арыз беріп, шығын көлемі 1,8 млн АҚШ долларын және 630 млн теңгеден астам соманы құрады", – деп жазылған хабарламада. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, жапа шеккенде "The Finiko" жобасын сауда мен инвестициялаудың алаңы деп ақша салған, ал компанияның өзі дүниежүзілік қор биржаларында тіркелмеген.

"Қылмыстық іс бойынша үш адам қамауға алынып, басқа тұлғалардың қатысы анықталуда. ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады. Егер сіз немесе сіздің туыстарыңыз "The Finiko" әрекетінен зардап шексе, Агенттіктің сенім телефонына хабарласыңыз", – деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу