Алматының Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

223

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып Дамир Ермағамбетов тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматының Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды Фото: Алматы ТЖД

Дамир Мақсұтұлы 1978 жылы 26 маусымда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылында дүниеге келген.

1998 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, 2001 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Ерлігі мен адалдығы үшін Дамир Мақсұтұлы II-ші және I-ші дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

Бұған дейін Қостанай облысы ТЖД бастығының қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу