2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Алматыда троллейбус балаларды қағып кетті

1380

Олар түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Алматыда троллейбус балаларды қағып кетті

Алматыда троллейбус жүргізушісі 13 және 14 жастағы балаларды қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Оқыс оқиға қаладағы Абай даңғылы мен Брусиловский көшесінің қиылысында болған. 

Жүргізуші мен куәгерлердің айтуынша, №5 троллейбус Абай даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатқан. Онда көлік кептелісі болған. Осыған қарамастан балалар жол ережесін бұзып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.

Брусиловский көшесінен өткен троллейбус жүргізушісі балаларды кеш көрген. Олар (2008 жылы 2009 жылдары туған) түрлі дене жарақатымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу