Бүгін таңертең Алматы қаласы Әуезов ауданы Бауыржан Момышұлы мен Марғұлан көшелерінің қиылысында жолаушылар троллейбусының төбесіндегі электр сымдары жанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына өрт сөндіру есептоптары дереу жетіп, өрт сөндіру оқпандарын берді.
ТЖМ күштері жануды толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу