Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылды, зардап шеккендер бар

916

Алматыда, Абай даңғылының бойында троллейбус жерасты өткеліне соғылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылды, зардап шеккендер бар

Жол-көлік оқиғасы жайында әлеуметтік желі пайдаланушылары ақпарат таратып, оқиға орнынан түсірілген суреттермен бөлісті. Ал Facebook әлеуметтік желісінде Ольга Бражникова жол-көлік оқиғасы салдарынан немересінің зардап шеккенін жазды.

Almaty Electrotrans компаниясы да оқиғаға қатысты мәліметпен бөлісті.

"21 тамыз күні шамамен сағат 14:50-де Байзақов көшесінен кейін, батыс бағытында Абай даңғылының бойында жол-көлік оқиғасы орын алды. БН 1240 троллейбусының жүргізушісі қысқа ғана уақыттың ішінде өзін жайсыз сезініп, соның салдарынан рульге ие бола алмай қалған және жер асты өткелінің қабырғасына соғылған. Бұл факті полиция департаментінде тіркелген, мән-жайды анықтау іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп атап өтеді компаниядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу