Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі таратты деген күдікке ілінді

107

Алматыда полиция қызметкерлері тұрғындардың жаппай демалыс орындарында психотроптық заттардың заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі таратты деген күдікке ілінді Фото: polisia.kz

Жедел іс-шаралар нәтижесінде қаланың ойын-сауық орындарының бірінде ас үй қызметкері есірткі заттарын таратты деген күдікпен жұмыс орнында ұсталды. 

Полицияның мәлеметінше, санкцияланған жеке тінту барысында күдіктіден ұнтақ тәрізді заттар мен өзіне тән иісі бар өсімдік тектес масса тәркіленді. Аталған заттар психотроптық және есірткі құралдары болуы мүмкін деген болжаммен сараптамаға жіберілді. 

Күдікті ұсталғаннан кейін полиция қызметкерлері оның тұрғылықты мекенжайы бойынша қосымша тінту шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу