Алматыда түні бойы жауған қардың қалыңдығы 22 сантиметрге жетті

128

Қалада коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.    

Алматыда түні бойы жауған қардың қалыңдығы 22 сантиметрге жетті Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласында кеше күні бойы қар тоқтаусыз жауып, қалаға 22 см қалың қар түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, көктайғақтың алдын алу мақсатында жолға мұзға қарсы материалдар себіліп, қар тазалау жұмыстарына 75 жедел бригада, 2710 жол қызметкері мен 1225 арнайын техника тартылған.

"Сағат 2:00-ден бері 95 шағын габаритті техника және тротуарлар мен қоғамдық кеңістіктерді тазалап жатыр. Аялдамалар, жаяу жүргіншілер өткелдері, баспалдақтар мен пандустар қолмен тазартылып жатыр", – деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.

Сондай-ақ әкімдік коммуналдық қызмет ауа райы толық тұрақталғанға дейін күшейтілген режимде үздіксіз жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу