Алматыда тұрғын үй ауласында баланы тоқ соқты

84

Бұл туралы әлеуметтік желіде зардап шеккен баланың анасы айтты.

Алматыда тұрғын үй ауласында баланы тоқ соқты Фото: freepik

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында кішкентай қызды тоқ соққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, оқиға Навои, 39 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің ауласында болған.

"Үй ауласындағы шам бағасының жанында бір арматура шығып тұрды. Ойнап жүріп қызым соған тиіп кетті де, құлап түсті. Кейін арматурадан тоқ соққанын түсіндім. Қызым қазір жансақтау бөлімінде жатыр", – деді баланың анасы.

Алматы қаласының полиция департаменті аталған дерек бойынша Әуезов ауданына қарасты полиция бөлімі тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Істің нақты мән-жайы анықталғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады", – деп хабарлады полициядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу