Алматыда тұрғын үй маңынан мәйіт табылды

252

Оқиға Алатау ауданында болған.  

Алматыда тұрғын үй маңынан мәйіт табылды Фото: canva

Әлеуметтік желіде көпшілік "Alatau city" тұрғын үй кешені маңында адамның мәйіті табылғаны туралы хабарды таратты.

Аталған ақпаратты Алматы қалалық Полиция департаменті ресми түрде растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осы жайт бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасы зорлық белгілері жоқ мәйіттің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

– Алдын ала мәліметтер бойынша тұрақты мекенжайы жоқ адамның өліміне өткір жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі себеп болуы мүмкін, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу