Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 9 адам құтқарылды

467

Аумағы 25 шаршы метр болған өрт сағат 08:47-де сөндірілді.

Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 9 адам құтқарылды Фото: ТЖМ

Алматы қаласының Түрксіб ауданында 3 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 1 қабатында өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, шақырту орнына жеткен соң өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялады. Үш тізелі баспалдақтың көмегімен 2-ші қабаттан 3 азамат құтқарылды.

МӨСБ-4 бөлімшесінің командирі Фархат Ушуров жанып, отқа оранған пәтерден 1-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматты құтқарды.

Аумағы 25 шаршы метр болған өрт сағат 08:47-де сөндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу