Алматыда тұрғын үйді жалға алу құны тұрақтанды

16 қарашадан бастап жыл соңына дейін "Магнум" және Small сауда желілерінде сатылатын барлық азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағасын көтеруге мораторий енгізілді. Олардың ұйымдасқан саудадағы үлесі – 70%, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматыда тұрғын үйді жалға алу құны тұрақтанды Фото: elements.envato.com

"Баға өсімінің жоғары қарқынын ауыздықтау басты сын-қатер болып қала береді. 11 айда инфляция 18,9% болды. Жыл басынан бері қант, кеңсе тауарлары, тұрғын үйді жалға алу құны қатты өсті. Қазіргі таңда тұрғын үйді жалға алу құны мен қант бағасы тұрақтанды. Келесі жылы қантты орталықтандырылған сатып алуға жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінеді", - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Ерболат Досаев атап өткендей, тұрақсыз сыртқы факторлар мен азық-түлік бағасының өсуі аясында әлемде жоғары инфляция күтіледі. Алматыда болжам бойынша келесі жылы инфляция 10-12% болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу