Алматыда туристерді алдаған алаяқ ұсталды

162

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.  

Алматыда туристерді алдаған алаяқ ұсталды Фото: polisia.kz

Алмалы ауданының полиция қызметкерлері шетелге туристік сапарлар ұйымдастыруды желеу етіп, бірқатар алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен 26 жастағы әйелді ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазіргі таңда оның өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Тергеу деректеріне сүйенсек, күдікті азаматтардың сеніміне кіріп, әлеуметтік желі арқылы туристік агенттік атынан хабарласып, шетелге саяхат ұйымдастыруды уәде еткен. Алайда ол жәбірленушілердің ақшалай қаражатын иемденіп, уәдесін орындамаған.

Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ержан Оразаев тұрғындарды туристік қызмет түрлерін таңдауда барынша мұқият болуға шақырып отыр.

 – Компаниялардың беделін алдын ала тексеріңіз, ресми келісімшарт жасаңыз және жолдаманы тек заңды тұлғаның ресми реквизиттері арқылы төлеңіз. Интернеттегі бейтаныс адамдарға ақшаңызды сеніп тапсырмаңыз – бұл Сізді қаржылық шығындардан сақтайды, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу