"Полиция "Үш қоңыр" және "Весновка" тұрғын үй кешені үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық істі тергеп-тексерілуде. Алматы қаласының прокуратурасы тергеу органының "Lider Group Consalt" ЖШС директоры мен бірқатар тұлғаларын күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатын қолдады", - делінген хабарламада.
Алматы қаласының тергеу сотының санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, тергеу органдары істің мән-жайын анықтау үшін барлық шараларды қолдануда және прокуратураның бақылауында.